Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Геннадий Головкин туралы жаңа клип түсірілді

10 Ақпан 2015, 16:40
0
Геннадий Головкин. ©Tengrinews.kz
Геннадий Головкин. ©Tengrinews.kz

Америкалық рэперлер Марио Руиз бен Омар Круз қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге арнап жаңа клип шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобына сілтеме жасап.

Жаңа ән Good Boy Killa деп аталады. Рэперлер клиптің түсірілімі кезінде Геннадий Головкиннің 21 ақпанда Монакода ұлыбританиялық Мартин Мюррейге қарсы өтетін жекпе-жекке дайындығына қатысты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Айта кетейік, бұл америкалық рэперлердің қазақстандық боксшыға арнаған екінші әні. Бірінші ән "Мексикалық стиль (Mexican Style) деп аталды және ол 2014 жылдың 18 қазаны күні АҚШ-та қазақстандық боксшының мексикалық Марко Антонио Рубионы мерзімінен бұрын жеңерінің алдында жарыққа шықты. 

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Қазақстанда түсірілген бейнебаянның бас кейіпкері болғаны бұған дейін хабарланған болатын. Әннің авторлары Әлібек Аман мен ЖекаDaWINchi әннің атын "Гена Король" деп қойған. Видеода Головкиннің жұдырықтасу сәттері көрсетіледі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай