27 қаңтар 2015 11:01

Геннадий Головкин туралы бейнебаян түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Бейнебаянның кадры/AlibekAman ©Бейнебаянның кадры/AlibekAman

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қазақстанда түсірілген бейнебаянның бас кейіпкері болды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қазақстанда түсірілген бейнебаянның бас кейіпкері болды, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.

Әннің авторлары Әлібек Аман мен ЖекаDaWINchi әннің атын "Гена Король" деп қойған. Видеода Головкиннің жұдырықтасу сәттері көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Америкалық рэпер Марио Руиз WBA (Super), IBO және WBC Interim версиялары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинге Mexican Style жаңа әнін арнаған еді. Mexican Style әні қазақстандықтың мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездескен АҚШ-та күні, яғни өткен жылдың 18 қазанында шыққан еді. Кездесу қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Бұған дейін Геннадий Головкин елімізде "Үздік спортшы-2014" атанды. 2014 жылы ресми түрде халықаралық жарыстарда ең жоғарғы нәтижелерге қол жеткізген спортшыларға дауыс беруді ҚР Мәдениет және спорт министрі өткізді. Оның нәтижесінде Геннадий Головкин 1861 ұпай немесе барлық дауыс бергендердің 44,90 пайыз дауысын жинады. Екінші орынды 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен алды (1339 немесе 32,30 пайыз). Айта кетейік, Геннадий Головкин осы жылы 21 ақпанда Монакода ағылшын боксшысы Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети