14 қаңтар 2015 19:53

Америкалық рэпер Геннадий Головкинге жаңа әнін арнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©Tengrinews.kz Геннадий Головкин. ©Tengrinews.kz

Америкалық рэпер Марио Руиз WBA (Super), IBO және WBC Interim версиялары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинге жаңа әнін арнады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, америкалық қазақстандық боксшыға осымен екінші әнін арнап отыр. 


Америкалық рэпер Марио Руиз WBA (Super), IBO және WBC Interim версиялары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинге жаңа әнін арнады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, америкалық қазақстандық боксшыға осымен екінші әнін арнап отыр. 

"Головкиннің жаңа әнұраны - Good Boy Killa әнін дайындап жатырмын. Егер сіздерге Mexican Style әні ұнаса, бұл әнді де ұнатасыздар", - деді әнші Instagram желісіндегі парақшасында. Әзірше музыкант өзге мәліметтерді ашып айтпады.

Vesti.kz спорт порталы жаңа трэктің 21 ақпанда, Геннадий Головкиннің ағылшын Мартин Мюрреймен Монакода жұдырықтасатын күні шығуы мүмкін екенін жазады. Айта кетейік, бұған дейінгі Mexican Style әні қазақстандықтың мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездескен күні шыққан еді. Кездесу АҚШ-та 18 қазанда өтіп, қазақстандықтың жеңісімен аяқталған болатын.

Еске сала кетейік, Марио Руиз Омар Крузбен бірге бейнебаян түсірген. Оның бас кейіпкері қазақстандық боксшы - Геннадий Головкин. Видео боксшының "Менің стилім - мексикалық стиль. Бұл ойын емес, бұл шайқас. Мен шайқасты жақсы көремін" деген сөзінен басталады. Ал осыған дейін бейнебаянның боксшының кәсіби мансап жолындағы кездесулерінің түрлі сәттерінен жинақталғаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети