Головкин өзі туып-өскен ауылға балалар алаңын салып береді

08 Маусым 2017, 17:15
0
Головкин өзі туып-өскен ауылға балалар алаңын салып береді - © karaganda-region.gov.kz
© karaganda-region.gov.kz

Жаңа ойын кешені Майқұдықтың 14-ші ықшамауданында салынады. Оны өз қаражатына атақты боксшы Геннадий Головкин тұрғызады. Ол жайында спортшы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа жеке кездесуі барысында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

"Біздің Президентіміз рухани жаңғыру туралы "Туған жер" бағдарламасын жариялап, бастамашы болды, - деді аймақ басшысы боксшыға. - Ол кәсіпкерлерді, табысты азаматтарды өз туған жеріне қамқор болуға шақырды. Біреулер мектеп салса, басқа біреулері өзінің өскен ауласын абаттандыра алады. Бұл бастаманы көптеген кәсіпкерлер құптады".

Геннадий Головкин де бұл үрдістен тыс қалмайтынына уәде берді.

"Бұл керемет! - деп жауап қайырды ол. - Мен де қуана бұл бағдарламаға қосыламын. Меніңше, егер мен өзімнің туып өскен ауламда жаңа балалар ойын кешенін орнатсам жақсы болар еді. Президентіміздің бастамасын мен де толықтай құптаймын және қосыламын".

Айта кетейік, жаңа балалар ойын кешені Майқұдықтың 14-ші ықшамауданында келесі аптада құрылып, қолданысқа беріледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай