Головкин спортпен қош айтысатын уақытын атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин атақты боксшылармен жекпе-жекке өткізе алмайтынына көңілі түскенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин атақты боксшылармен жекпе-жекке өткізе алмайтынына көңілі түскенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Головкин Лондонда 10 қыркүйекте рингке оралады. Онда ол орта салмақта жұдырықтасатын ұлыбританиялық Келл Брукпен (36-0, 25 КО) жекпе-жек өткізеді. 

"Мен әлем мықтыларымен жұдырықтасқым келеді. Алайда көпшілігінің менімен жекпе-жекке шығуға батылы жетпейді. Спорттық мансабымның аяқталуына екі, мүмкін үш жыл ғана қалды. Менің боксшыларды күтетін уақытым жоқ", - деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.com.

"Менімен жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жасауға батылы барған боксшыларды құрметтеймін", - деп жауап берді Головкин Канело туралы қойылған сұраққа.

Ал мексикалық боксшы Альварес болса, Головкинге жауап ретінде: "Өзіне жақындатқан адамдары оны өзгертіп жіберді. Ол сандырақтай береді. Головкинді оны қоршаған адамдар өзгертті" деген болатын.

Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, Головкин мен Альварес шаршы алаңға 2017 жылы шығады. Екі команданың ауызша жасалған келісімі бар екен. Осылайша, Головкин келесі жекпе-жегінде 30 жастағы ағылшын, жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брукпен кездеседі. Олардың кездесуі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында орта салмақта (160 фунт) өтеді. Екі боксшы да кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. 34 жастағы Головкин 35 рет жеңіске жеткен, оның 32-сі уақытынан бұрын аяқталған. 30 жастағы Брук 36 рет жеңіске жетіп оның 25-ін нокаутпен аяқтаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer