Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Головкин WBN тұжырымының P4P рейтингінде бір саты төмен сырғыды 11 наурыз 2014, 12:22

WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин WorldBoxingNews (WBN) тұжырымының Pound for pound (P4P) рейтингінде бір саты төмен сырғыды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Генадий Головкин. Сурет:  boxingscene.com сайтынан алынды Генадий Головкин. Сурет: boxingscene.com сайтынан алынды
WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин WorldBoxingNews (WBN) тұжырымының Pound for pound (P4P) рейтингінде бір саты төмен сырғыды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Мамыр айында жарияланған жаңа тізім бойынша Головкин Саул Альваресті алдына жіберіп 13 сатыға тұрақтапты. Ал, өз кезегінде Саул британдық былғары қолғап шебері Карл Фрочты алдына жіберіп алған. Жаңа тізімнің көшбасында ешқандай өзгеріс орын алмаған. Бірінші орында американдық боксшы Флойд Мейвезер. Екінші орында филиппиндік Мэнни Пакьяо болса, үздік үштікті тағы да бір американдық былғары қолғап шебері Андре Уорд түйіндеп тұр. Әрі қарай тізімде украиндік Владимир Кличко, американдық Тимоти Брэдли, кубалық Гильермо Ригондо, аргентиналық Серхио Мартинес, мексикалық Хуан Мануэль Маркес, филиппиндік Нонито Донэр және американдық боксшы Дэнни Гарсия орналасқан. Айта кетейік, Геннадий Головкин 2014 жылдың 26 сәуірінде өзінің кезекті жекпе-жегін өткізуі керек болатын. Бірақ, әкесінің қайтыс болуына байланысты Головкин ол кездесуді өткізуден бас тартты. Енді жазда келесі кездесуін өткізетін қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы Хулио Сесар Чавес болуы мүмкін.
Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram