25 қазан 2020 11:29

Хабиб Гэтжимен жекпе-жекке үш апта қалғанда ауруханаға түскен - UFC басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© UFC © UFC

Ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжимен жекпе-жегіне үш апта бұрын аяғы сынып, ауруханаға барған. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Р-Спорт" сайтына сілтеме жасап.

Нурмагомедов сенбіде Абу-Дабиде өткен UFC кешінде америкалық Джастин Гэтжиді екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, чемпион атағын қорғап қалды. Содан кейін ол карьерасына аяқтағанын мәлімдеді. Ресейлік спортшының еншісінде аралас жекпе-жекте 29 жеңіс бар. Ол бірде-бір рет жеңіліс таппаған. 

"Бәріміздің жолымыз болды, себебі бүгін осы жекпе-жекті көрдік. Әсіресе Нурмагомедовтың бастан өткерген жағдайларынан кейін. Жекпе-жекке үш апта қалғанда ол аяғын сындырып ауруханаға түскен екен. Оның аяғындағы екі саусағы мен бір сүйегі сынған. Бұл туралы маған оның командасы айтты", - деді Уайт.

Еске салайық, UFC 254 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов дебют жасады, ол бразилиялық Алекс Оливейруды мерзімінен бұрын жеңді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети