25 желтоқсан 2019 08:49

Хабиб Нурмагомедов қазақ баласына сыйлық жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келіп, аяқсыз туған қазақстандық Әли Тұрғанбековке смартфон сыйлады. Бұл туралы Әли Instagram желісінде жазды.


UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келіп, аяқсыз туған қазақстандық Әли Тұрғанбековке смартфон сыйлады. Бұл туралы Әли Instagram желісінде жазды.

"Жаратқанға мадақ. Хабиб маған өмірімдегі бірінші айфон сыйлады. Көп рақмет, жақсылығыңыз Алладан қайтсын! Кездесуді ұйымдастырған @muhammad_umarov.001.big және @sava9, сіздерге көп рақмет", - деп жазды астаналық 11 жастағы бала.

Хабиб Әлимен футбол ойнаған. Өз кезегінде Тұрғанбеков UFC чемпионына француздың ПСЖ командасының ойыншылары Неймар, Эдионсон Кавани, Килиан Мбаппе және Тиаго Сильвалардың қолы қойылған доп сыйлады. 

"Бұл мен үшін өте құнды сыйлық, ал одан да құндысы деп адамның назар аудару, бей-жай қалмауы, жанның жақсылығы және Хабиб Нурмагомедов сияқты құрметті әрі ұлы чемпионның қарапайым қасиеттерін атар едім. Маған көп уақыты мен назарын аударды. Осы қасиетін бағалаймын, оны жақсы көремін, құрметтеймін. Көптеген жеңіс тілеймін, Жаратқанның назарында болсын!", - деп жазды Әли.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz (@vestikzsport)

Айта кетейік, Нурмагомедов Алматыға отандасы Зубайра Тухуновпен және Ислам Махачевпен бірге келген. Жұрт оларды "Алматы Аренада" құшақ жая қарсы алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети