Хабиб пен Конордың октагонда не жайлы сөйлескені белгілі болды

10 Қазан 2018, 09:43
0
Хабиб пен Конордың октагонда не жайлы сөйлескені белгілі болды -

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың жекпе-жек кезінде не туралы сөйлескені белгілі болды, - деп жазады Eurosport .

Порталдың мәліметінше, екінші раунд кезінде спортшылар арасында дау шыққан.

"Дәл қазір сөйлесейік. Дәл қазір. Сөйлесейік", - деп айғайлаған Нурмагомедов. Ал МакГрегор оған жауап ретінде "Бұл тек бизнес" деп айтқан.

"Мен де солай ойлағанмын", - деген Хабиб.

МакГрегор мен Нурмагомедов жекпе-жегі алдындағы жанкүйерлердің төбелесі түсірілген видео пайда болды

Еске салайық, Нурмагомедов төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, ол жеңіл салмақта чемпион атағын қорғап қалды.

Жекпе-жектен кейін Нурмагомедов октагоннан секіріп түсіп, жаппай төбелеске себепкер болды. Жағдайға күзет пен полицияның араласуына тура келді. Осыдан кейін Нурмагомедовке гонорарды төлеу шегерілді және ол белбеуден де айырылуы мүмкін.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай