Хабибтің әкесі ұлының октагонға Ресей туын неге алып шықпайтынын айтты

20 Қараша, 09:59
0
Хабибтің әкесі ұлының октагонға Ресей туын неге алып шықпайтынын айтты - Фото fighttime.ru сайтынан
Фото fighttime.ru сайтынан

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері "Мир 24" телеарнасына берген сұхбатында ұлының неге октагонға Ресей туымен шықпайтынын түсіндірді.

Дағыстандық спортшы көбіне тұтас елдің емес, өз өңірінің патриоты деген сынға ілігеді. 

Таяуда Мәскеудегі баспасөз мәслихатында Конор Макгрегор былай деген еді: "Оның Ресей намысын қорғайтынына сенімді емеспін. Ресейдің атынан шыққан адамның Ресей туын алмағанын көрмеппін".

Абдулманап Нурмагомедов мәселенің туда емес екенін айтады. 

"Бізді Dagestan, Russia деп хабарлайды. Дағыстан - бұл Ресей. Бізде үлкен де, кіші де отан бар. Біз Ресей Федерациясының құрамындағы субъектіміз. Бізді әрдайым ресейлік ретінде хабарлайды", - дейді UFC чемпионының әкесі. 

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі көп әйел алу туралы да пікірін айтты. 

"Менің жарым бар, тағы үшеуін ала аламын. Яғни, жалпы төртеу. Біреуі бар, екіншісі жақын арада болады, ал үшіншісінің болар-болмасын білмеймін. Құдай ерлерге "Жар ретінде екі, үш, төртеуін алыңдар" деп айтады. Әйелдерге қашан да құрметпен қарау керек. Әйел - біреудің қызы, біреудің әпкесі, біреудің жары, біреудің анасы. Сондықтан барлық әйелге құрметпен қарайық", - деді ол. 

Бұған дейін Хабиб Нурмагомедовтің өзі неге Ресей туымен шықпайтынын түсіндірген: "Туды алып шығып, өз елінің намысын қорғап жүрмін дейтін адамдардан айырмашылығым - мен әйелдерді зорламаймын, қарттарды ұрмаймын. Ел намысын басқаша қорғаймын. Бұл патриотизм көрсеткіші деп санамаймын. Туды көтеріп шығу аз. Соған сай болуың керек".

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай