11 қыркүйек 2022 10:04

Хамзат Чимаев UFC-дегі жанжалдан кейін қарсыласын бірінші раундта жеңді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хамзат Чимаев. © Instagram Хамзат Чимаев. © Instagram

UFC 279 турнирінде шешен тектес швед Хамзат Чимаев америкалық Кевин Холландты жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


UFC 279 турнирінде шешен тектес швед Хамзат Чимаев америкалық Кевин Холландты жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чимаев жекпе-жектің алғашқы секундтарында-ақ америкалыққа тап беріп, қылқындыру әдісімен жеңді.

Қазір Чимаевтың еншісінде 12 жеңіс бар. Холландқа келетін болсақ, бұл оның мансабындағы сегізінші және UFC-дегі бесінші жеңілісі (10-5).

Видео кадры

Бастапқыда Хамзат Чимаев америкалық Нейт Диаспен жұдырықтасуы керек еді, бірақ ол жартылай орта салмақтағы шекті орындамай, UFC басшылығы бірден үш жұпты ауыстыруға мәжбүр болды. Бастапқыда Холланд Даниэль Родригеспен жекпе-жек өткізуі керек болған.

"Жерлеу", қорлау, жаппай төбелес: UFC-де жанжал болды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети