09 қыркүйек 2022 10:27

"Жерлеу", қорлау, жаппай төбелес: UFC-де жанжал болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/khamzat_chimaev Фото: instagram.com/khamzat_chimaev

Хамзат Чимаев пен Нейт Диастың жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихаты өтпейтін болды. БАҚ өкілдерімен әңгіме әдеттен тыс форматта өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Хамзат Чимаев пен Нейт Диастың жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихаты өтпейтін болды. БАҚ өкілдерімен әңгіме әдеттен тыс форматта өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы, пресс-конференция диалогқа ауыстырылған. Кейінірек бұған жаппай төбелес себеп болғаны белгілі болды.

"Жанжалға Хамзат Чимаев пен Кевин Холланд қатысқан, олардың арасында "домино эффектісі" тудырған қақтығыс болды - төбелеске басқа файтерлер мен олардың қасындағылар да қосылды.

Ариэль Хельванидің айтуынша, Чимаев Холландты кеуде тұсынан тепкен. Содан кейін оқиға Нейт Диаспен жанжалға ұласқан. Кейбір мәліметке қарағанда, оған 100-ге жуық адам қатысқан", - деп жазады "Чемпионат".

Оқиғаға қатысушылардың бірі, ММА боксшысы Чимаев өз әрекетін былай деп түсіндірген: "Мен оларға бізбен қалжыңдамаңдар деп айтқанмын. Холланд та, Диас та өзіне тиесіліні алды".

"Бәрі білсін. Мен бұл сайқымазаққа сақалын тегін алуды ұсындым. Мен АҚШ-та бұл қызмет тегін ұсынылатын бірде бір жерді білмеймін! Мен тура айтамын, уәде беремін, оны ұрмайтын едім", - деп жауап берді Холланд.

Орта салмақтағы UFC титулына бұрынғы үміткер, осы жанжалға араласқан бразилиялық Пауло Коста Чимаев "жерленгені" туралы сурет салған.

Кейін Дана Уайт қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданғанын, тәртіпсіздікке қатысушыларға айыппұл салынатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети