ПОДЕЛИТЬСЯ
06 тамыз 2021 | 16:10
ХОК Беларусьтің екі шенеунігін Олимпиада аккредитациясынан айырды
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токио ойындарында Беларусьтің екі бапкерін аккредитациядан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токио ойындарында Беларусьтің екі бапкерін аккредитациядан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Елдің Олимпиада комитеті аккредитациясынан айырылғанын Артур Шумак пен Юрий Моисевич ХОК талабы бойынша Олимпиада ауылынан кетіп, жақын арада Минскіге оралатынын айтты.
Беларусь Олимпиада комитеті барлық белорус спортшысы мен бапкерін кез келген мүддені кемсіту түрінен толық қорғайтынын айтты.
"Бұл шара Токиодағы белорус спортшыларының әл-ауқаты үшін қабылданды", - делінген комитет хабарламасында.
Сондай-ақ, бұл шешім Тимановская төңірегіндегі жанжал бойынша ХОК тәртіптік комиссиясының тергеуі аясында қабылданған. ХОК бұл жағдайға Шумак пен Моисевичтің рөлі қандай екенін тексерді.
Айта кетейік, 2 тамызда Тимановская 200 метр қашықтыққа жүгіруден стартқа шығуы керек еді, алайда құрама өкілдері оны жібермей қойған. Таяуда Кристина 4х400 метрлік эстафета құрамасына енгізілгені үшін Беларусьтің спорт шенеуніктерін сынап тастаған еді.
Беларусь Ұлттық олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында республиканың жеңіл атлетикадан ұлттық командасының жаттықтырушылар штабы спортшыны үйге қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты. Спортшының ойыннан шығарылу себебі оның эмоционалдық және психологиялық жағдайы деп аталды. Тимановскаяның өзі дәрігер оны тексермегенін және жаттықтырушылар штабы айтқан себептерді жалған деп атады.
Кейін Отанына оралудан бас тартқан Белорусь спортшысы Кристина Тимановскаяны Польша қабылдауға дайын екенін жеткізді. Алайда Кристина Тимановская Варшаваға ұшудың орнына кенет бағытын өзгертіп, Венаға ұшып кеткені белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также