04 тамыз 2021 11:25

Беларусь спортшысы Тимановская Венаға ұшып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Беларусь спортшысы Кристина Тимановская Варшаваға ұшудың орнына кенет Венаға ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.


Беларусь спортшысы Кристина Тимановская Варшаваға ұшудың орнына кенет Венаға ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Польша гуманитарлық виза бергендіктен жеңілатлет Варшаваға барады деп жоспарланған, бірақ кенет ол бағытын өзгертті, деп хабарлады әуежай өкілдері.

Басылым мәліметінше, рейсті ауыстыру туралы шешімді спортшымен бірге жүрген Польша дипломаттары қабылдаған.

"Мен өз елімді жақсы көремін және ешқашан опасыздық жасамадым. Бұл біздің шенеуніктердің Олимпиадада жіберген қателігі", - деді Тимановская.

Бір күн бұрын қыз полиция көлігімен Польша елшілігінен әуежайға жеткізілді. Спортшыны рейске тіркеу VIP-терминалда өтті.

Ол Австрияға бара ма, жоқ па, әлі белгісіз.

Айта кетейік, 2 тамызда Тимановская 200 метр қашыққа жүгіруден стартқа шығуы керек еді, алайда құрама өкілдері оны жібермей қойған. Таяуда Кристина 4х400 метрлік эстафета құрамасына енгізілгені үшін Беларусьтің спорт шенеуніктерін сынап тастаған еді.

Беларусь Ұлттық олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында республиканың жеңіл атлетикадан ұлттық командасының жаттықтырушылар штабы спортшыны үйге қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты. Спортшының ойыннан шығарылу себебі оның эмоционалдық және психологиялық жағдайы деп аталды. Тимановскаяның өзі дәрігер оны тексермегенін және жаттықтырушылар штабы айтқан себептерді жалған деп атады.

Кейін Отанына оралудан бас тартқан белорус спортшысы Кристина Тимановскаяны Польша қабылдауға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Польша сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Яблоньский мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети