02 тамыз 2021 09:00

Беларусь спортшысы Токио Олимпиадасындағы жанжалдан кейін Еуропадан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © blr_athletics Фото: © blr_athletics

Токиода Олимпиада ойындарынан шығып қалған белорус жеңілатлеті Кристина Тимановскаяны өз елінің құрама өкілдері күштеп Минскіге алып кетпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru сайтына сілтеме жасап.


Токиода Олимпиада ойындарынан шығып қалған белорус жеңілатлеті Кристина Тимановскаяны өз елінің құрама өкілдері күштеп Минскіге алып кетпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru сайтына сілтеме жасап.

2 тамызда Тимановская 200 метр қашықтыққа жүгіруден стартқа шығуы керек еді, алайда құрама өкілдері оны жібермей қойған. Таяуда Кристина 4х400 метрлік эстафета құрамасына енгізілгені үшін Беларусьтің спорт шенеуніктерін сынап тастаған еді.

Беларусь Ұлттық олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында республиканың жеңіл атлетикадан ұлттық командасының жаттықтырушылар штабы спортшыны үйге қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты. Спортшының ойыннан шығарылу себебі оның эмоционалдық және психологиялық жағдайы деп аталды. Тимановскаяның өзі дәрігер оны тексермегенін және жаттықтырушылар штабы айтқан себептерді жалған деп атады.

Спортшыға билет сатып алып, әуежайға жеткізген. Беларусьтің спорттық ынтымақтастық қорының (BSSF) хабарына қарағанда, Тимановскаяны депортациялауға тырысқандардың бірі - Беларусь Ұлттық олимпиада комитетінің Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы Василий Юрчик.

Кейінірек Чехия мен Германия спортшыға кіру визасын ұсынды, бірақ ол өзі Австриядан баспана сұрауды жоспарлап отыр.

"Чехия көмектесуге дайын. Біздің аумаққа кіру үшін виза ұсынамыз. Біздің Токиодағы елшілігіміз де Беларусьтен келген спортшыны қорғауға дайын", - деді Чехия СІМ басшысы Якуб Кулганек. БАҚ хабарына қарағанда, қазір Тимановская қауіпсіз жерге жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети