02 тамыз 2021 14:38

Польша Беларусь спортшысына көмектесуге дайын

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Отанына оралудан бас тартқан белорус спортшысы Кристина Тимановскаяны Польша қабылдауға дайын. Бұл туралы Польша сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Яблоньский мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Отанына оралудан бас тартқан белорус спортшысы Кристина Тимановскаяны Польша қабылдауға дайын. Бұл туралы Польша сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Яблоньский мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Біз бұл жағдайға кеше ақпарат алған кезде бірден шешім шығардық. Тимановская ханымның өкілдеріне жүгіндік, олармен қазір байланыстамыз. Істің мүддесі үшін Польша Тимановская ханымды қабылдауға, оны қорғауға және спорттық карьерасын жалғастыруға көмек көрсетуге дайын екенінен басқа егжей-тегжейлі мәлімет бере алмаймыз", - деді Яблоньский.

Бұл ретте Польша СІМ өкілі мәселені шешудің бір нұсқасы Тимановскаяға Польшадан баспана беру екенін айтты. Алайда Австрия СІМ мәліметенше, белорус спортшысы Токиода баспана бойынша елшілікке жүгінбеген.

"Жалпы, сыртқы істер министрлігі баспана беру туралы өтініштерді тек жеке өзі келгенде және тек елдің өзінде, яғни Австрияда қабылдайды", - деді Австрияның Сыртқы істер министрлігі өкілі.

Айта кетейік, 2 тамызда Тимановская 200 метр қашықтыққа жүгіруден стартқа шығуы керек еді, алайда құрама өкілдері оны жібермей қойған. Таяуда Кристина 4х400 метрлік эстафета құрамасына енгізілгені үшін Беларусьтің спорт шенеуніктерін сынап тастаған еді.

Беларусь Ұлттық олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында республиканың жеңіл атлетикадан ұлттық командасының жаттықтырушылар штабы спортшыны үйге қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты. Спортшының ойыннан шығарылу себебі оның эмоционалдық және психологиялық жағдайы деп аталды. Тимановскаяның өзі дәрігер оны тексермегенін және жаттықтырушылар штабы айтқан себептерді жалған деп атады.

БАҚ мәліметінше, қазір Тимановская қауіпсіз жерде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети