Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Хоккейшілеріміз бас бапкерсіз қалды

11 Маусым 2014, 17:28
0
Нұрлан Оразбаев және Ари Пекка Сели. Сурет: ХК "Барыс"
Нұрлан Оразбаев және Ари Пекка Сели. Сурет: ХК "Барыс"

Бүгін Астанада маусымды қорытындылауға байланысты Қазақстан хоккей федерациясының атқаруші комитет өкілдерінің жиыны өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚХФ сілтеме жасап.

Бұл жиын барысында атқарушы комитет мүшелері хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари Пекка Селинмен команданың бас менеджері Нұрлан Оразбаевтың ұлттық құраманың Минскідегі әлем чемпионаты барысындағы көрсеткіштері туралы есебін тыңдады. Оның қорытындысы бойынша комитет өкілдері бір ауыздан әлем чемпионатындағы көрсеткішті "нашар" деп бағалап, бас бапкер мен бас менеджердің отставкасын қабылдау туралы шешімге келді.

Айта кетейік, бұл екі маман да Ұлттық құрамадан кеткенімен астаналық "Барыс" сапындағы қызметтерін жалғастыра береді. 

Сондай-ақ бас қосу барысында Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамасының бас бапкері Александр Корешков, Қазақстан студенттер құрамасының бас менеджері Глеб Каратаев және хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Александр Мальцев өз есептерін тапсырып, "орташа" деген бағаларын алды. Ал, жиын соңында ҚХФ атқарушы комитетінің мүшелері еліміздің түрлі жас деңгейіндегі құрамаларды көптеген Республикалық және халықаралық жарыстарға қатыстырып, шеберліктерін шыңдау керек екендігін айтты.

Одан бөлек отырыс барысында хоккейден Қазақстан ашық біріншілігінің заңнамаларына бірнеше өзгерістер енгізді. Тарқатып айтар болсақ, келер маусымнан бастап ел біріншілігінде өнер көрсететін клубтар 30 ойыншыны тіркеуге рұқсат алды. Оның  кем дегенде 12-сі Қазақстан азаматы болуы шарт. Ал ойынға қатысатын хоккейшілердің арасында міндетті түрде 8  Қазақстан азаматы тіркелуі керек. Сонымен қатар әр команданың қатарында 1991 жылдың 1 қаңтарынан ерте туылған 5 спортшы болуы қажет. Еске салайық, хоккейден Қазақстан біріншілігі 2015 жылдың 6 қыркүйегі мен 20 сәуір аралығында өтеді. 

 

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай