07 маусым 2016 14:17

Ильин Талдықорғанда өтетін Қазақстан чемпионатына қатыспайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин © zimbio.com Илья Ильин © zimbio.com

Олимпиада чемпионы Илья Ильин Талдықорғанда өтетін ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына қатыспайды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның неліктен қатыспайтыны анықталған жоқ.


Олимпиада чемпионы Илья Ильин Талдықорғанда өтетін ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына қатыспайды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның неліктен қатыспайтыны анықталған жоқ.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни бұл жағдайды турнирден кейін түсіндіретінін айтты.

Айта кетейік, бүгін ел біріншілігінде жанжал болды. Ауыратлет Владимир Седов ресейлік зілтемірші Александр Ивановтың суреті бейнеленген жейдені киіп шықты. Еске салайық, Ильин Лондондағы 2012 жылы өткен Олимпиадада ресейлік зілтеміршіні жеңіп, екінші орынды алған болатын.

"Міне сіздерге нағыз Олимпиада чемпионы!", - деп айғайлады Седов жейдесін шешіп. Ол жейдесін көрермендер жаққа лақтырды. Осыдан кейін ол штангаға жақындамай, сыртқа шығып кетті. Ел біріншілігінің фавориті (94 келіге дейінгі тұжырым) турнирге қатысудан осылайша бас тартты. Толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Халықаралық дәрежедегі судья Ольга Соловьева болған оқиғаны Седовқа жейдесі үшін ескерту айтылғанымен байланыстырып отыр. "Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесі бойынша, Седов спорттық киімнің үстінен қандай да бір киімді киюге құқы жоқ. Өздеріңіз көргендей, ол жейдені спорттық киімнің үстінен киіп алған. Оған ескерту жасалған болатын, бірақ ол оны ескермеді", - деді судья.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети