13 наурыз 2015 10:47

Илья Ильин әлемнің 2014 жылғы үздік ауыратлеті атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин. ©Time.kz Илья Ильин. ©Time.kz

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин 2014 жылдың әлем бойынша үздік штангисі атанды. Бұл туралы Vesti.kz порталы Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.


Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин 2014 жылдың әлем бойынша үздік штангисі атанды. Бұл туралы Vesti.kz порталы Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Халықаралық ауыр атлетика федерациясының жыл сайынғы дауыс беру қорытындысы бойынша, қазақстандық Илья Ильин мен Ресей спортшысы Татьяна Каширина 2014 жылдың үздік ауыратлеті атанды. Олардың әрқайсысы Алматыда өткен әлем чемпионатының қаһармандары, сол біріншілікте олар бірқатар әлемдік рекордты орнатты", - делінген хабарламада. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қараша айында Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өткен болатын. Сол кезде Илья Ильин әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды. Ол 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тұңғыш рет өнер көрсетті (оған дейін 94 келі салмақта болатын). Ауыр атлет жұлқа көтеруде 190 келіні, серпе көтеруде 242 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатты. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Алматыда өткен әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде үшінші орынды иеленді. Қазақстан спортшылары үш алтын, екі күміс медаль жеңіп алды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети