06 қыркүйек 2019 13:24

Илья Ильин ауыр атлетикадан әлем біріншілігіне қатысады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин. © instagram.com/ilyailyinforever Илья Ильин. © instagram.com/ilyailyinforever

16 қыркүйекте Таиландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионатының шымылдығы түріледі. Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімін атады, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан екі спортшы бақ сынайды. Олар - Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі).

Қазақстан ерлер командасында Арли Чонтей, Игорь Сон (55 келі), Денис Уланов (89 келі), Нихат Рахымов, Айдар Қазов (81 келі), Илья Ильин (96 келі), Ибрагим Берсанов (109 келі) бар.

Паттаядағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. 27 қыркүйекте мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети