Жалғас Жұмағұлов жеңіліс тапты - Fight Nights

20 Мамыр 2017, 00:07
0
Жалғас Жұмағұлов жеңіліс тапты - Fight Nights -

Астанадағы Fight Nights 65 турнирінің басты жекпе-жегінде Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов ресейлік Вартан Асатряннан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі бес раундқа созылды. Оның қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Асатрян жеңіске жетті: 49-48, 48-49, 49-47.

Осылайша, ресейлік файтер аса жеңіл салмақта Fight Nights Global ресейлік промоушенінің чемпионы атанды. 

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов ресейлік қарсыласымен салмақ өлшеу рәсімінде ерегесіп қалған болатын.

Еске салайық, Жұмағұлов карьерасында Асатряннан екінші мәрте жеңіліп отыр. 2015 жылдың қаңтарында қазақстандық Alash Pride промоушенінде ресейлік қазақстандықты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Fight Nights 65 аясындағы тағы бір маңызды жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы белбеуге талас жекпе-жегінде қазақстандық Георгий Кичигин қазылар алқасының шешімімен ресейлік Гаджимурад Хирамагомедовты жеңіп, Fight Nights Global чемпионы атанды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай