23 қараша 2014 15:05

Жамбыл облысының әкімі Жасұлан Қыдырбаевқа жол талғамайтын көлік сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасұлан Қыдырбаев Алматыдағы әлем чемпионатында. ©almaty2014iwf.com Жасұлан Қыдырбаев Алматыдағы әлем чемпионатында. ©almaty2014iwf.com

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жеңіске жеткен Жасұлан Қыдырбаевқа автокөлік сыйлады, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты Nur.kz ресурсына сілтеме жасап.


Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жеңіске жеткен Жасұлан Қыдырбаевқа автокөлік сыйлады, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты Nur.kz ресурсына сілтеме жасап.

"Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев 94 келіге дейінгі категорияда әлем чемпионы атанған зілтемірші Жасұлан Қыдырбаевқа жол талғамайтын көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті, сонымен қатар чемпионның бапкеріне миллион теңгелік сертификат берді", - делінген таралған хабарламада. Алматыда ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатының қорытындысын мына жерден оқи аласыздар.

Естеріңізге сал кетейік, ерлер арасында 94 келіге дейінгі салмақта Жасұлан Қыдырбаев алтын медаль жеңіп алды. Ал күміс медальді Владимир Седов қанжығасына байлады. Осыған дейін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтің олимпиаданың екі дүркін және әлем чемпионатының төрт мәрте чемпионы Илья Ильинге жол талғамайтын көлік сыйлаған хабарланған еді. Сонымен бірге, жергілікті кәсіпорын чемпионның Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға дайындығына демеушілік етуге ниет білдірген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети