Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Жаңа спорт Академиясы талапкерлерді 2022-23 оқу жылына шақырады 24 маусым 2022, 15:00

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасы аясында ашылған Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасы аясында ашылған Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясы 2022-2023 оқу жылына құжат қабылдауды бастағанын хабарлады.

Жоғары оқу орны "6В014 - Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау жүргізеді: 6В01401 - "Ұлттық спорт түрлері, спорт ойындары бойынша дене шынықтыру мұғалімі мен жаттықтырушыны даярлау" және 6В01402 - "Бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы бойынша дене шынықтыру мұғалімі мен нұсқаушы-әдіскерді даярлау".

Бүгінгі таңда Академияға жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысына сай мақсатты 150 (жүз елу) ГРАНТ бөлінген.

Академияда ғылыми білім беру және жаттығу үрдістерін жүзеге асыру үшін QazExpo аумағында орналасқан жаңа заманауи оқу-зертханалық корпусы бар. Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, "Барыс Арена" көпфункционалды мұз сарайы, "Алау" мұз сарайы және "Астана Арена" стадионы - Академияның теориялық, тәжірибелік және оқу-жаттығу сабақтарын өткізетін базалары болып табылады. Яғни, ЖОО елордадағы спорт нысандарын оқу барысында тиімді пайдаланбақ.

Жоғары оқу орны өз студенттеріне жаһандық хабардарлықты арттыруға, спорт саласындағы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында академиялық тәжірибе мен тәжірибелік дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта халықаралық ынтымақтастық аясында Академия QS Rankings, Times Higher Education, ARWU рейтингтері бойынша "Топ-100" университеттің тізіміне кіретін әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуда.

Академияда басқа қалалардан келген студенттерге, профессор-оқытушылар құрамына арналған ЖАТАҚХАНА бар екенін атап өткен жөн.

Біздің мекенжайымыз: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр к., 43-үй, №2 оқу ғимараты. Телефон: 8(700)957-00-61, 8(700)957-00-62, 8(700)957-00-68, www.apcms.kz

Жарнамалық материал


Join Telegram