01 сәуір 2014 16:10

Жеті облыста 16 спорт нысаны салынады - Тастанбек Есентаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тастанбек Есентаев Фото Іnform.kz Тастанбек Есентаев Фото Іnform.kz

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл еліміздің 7 аймағында 16 спорт нысаны бой көтереді деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасына сілтеме жасап.


Бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл еліміздің 7 аймағында 16 спорт нысаны бой көтереді деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасына сілтеме жасап.

ҚР Парламентінің Мәжілісінде өткен бұқаралық спортты дамытудың проблемаларына қатысты Үкімет сағатында агенттік төрағасы Тастанбек Есентаев биыл салынатын нысандар туралы тарқатты. Оның айтуынша, кешендерді салу жұрттың спортпен айналысуына мүмкіндік береді.

"Бұқаралық спортты дамыту үшін ең бірінші инфраструктуралық дамытуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, ауылды жерлерге дене шынықтыру нысандарын салуымыз қажет. Былтыр Үкімет тарапынан 2014-2016 жылдарға арналған спорт кешендерін салуға ақша қарастырылды және 16 нысанының құрылысы басталады. Бұл жеті облыста жүргізетін жұмыс жоспары. Бұдан басқа жеке меншік арқылы да спорт кешендері бой көтереді", - деді Е.Тастанбаев.

Бұқаралық спортты дамытуға қатысты ең төменгі әлеуметтік стандарт бойынша жұмыс атқарылады. Соның ішінде спорт кешендерінде халыққа жағдай жасау, инфраструктураны дамыту көзделген.  Осыған қатысты Тастанбек Есентаев: "Бұқаралық спортта қол жетімділік болады. Яғни, жастар мен қарияларға тегін болуы керек. 18 бен 63 жас аралығындағылар біздің бекіткен тарифімізге байланысты ақылы", - деді.

Негізінен бүгінде дене шынықтырудан сабақ беретін оқытушылардың жағдайы аса мәз емес. Бұл турасында Спорт және дене шынықтыру істеру агенттігінің басшысы: "Негізінен дене шынықтыру мұғалімдерінің жалақысы жоғары емес. Республика бойынша 40-70 мың теңге аралығында ғанаа. Бұл мәселе біздің отырыста қаралды. Сол бойынша тиісті министрлікке ұсыныс берілді. Оның қалай орындалып жатқандығын алда хабарлайтын боламыз", - деді.

Сонымен қатар, олимпиада ойындарының чемпионы атанған қазақстандық спортшы мансабын аяқтағаннан кейін, өмір бойы 24 АЕК (39 900 теңге) көлемінде зейнетақы  алып отырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети