02 сәуір 2014 12:00

"Жетісу" алтыншы рет қатарынан ел чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР волейбол федерациясынан алынды Сурет ҚР волейбол федерациясынан алынды

Волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Қазақстан чемпионаты бүгін аяқталады. Ал чемпион кеше анықталып, Талдықорғанның «Жетісуы» алтыншы рет қатарынан топ жарды,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Қазақстан чемпионаты бүгін аяқталады. Ал чемпион кеше анықталып, Талдықорғанның «Жетісуы» алтыншы рет қатарынан топ жарды,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ел чемпионатының Талдықорғанда өтіп жатқан алтыншы (соңғы) турында «Жетісу» төртінші рет жеңіске жетіп, саф алтынға қол жеткізді. Кеше «Алматы» аруларын үш сетте тізе бүктіріп, негізгі бәсекелесі «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) клубынан қара үзді.
Бұл – Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «Жетісу» қыздарының биылғы маусымдағы 24-ші жеңісі. Талдықорған клубы биыл бес-ақ рет ұтылды. Міне, алтыншы жыл болды, елімізде еш клубқа алтын жүлдені ұстатар емес.

Айтпақшы, кеше әйелдер арасындағы «Ұлттық лигада» тағы бір қызықты нәтиже тіркелді. 1 сәуірде, яғни күлкі күні дейсіз бе, әлде әзіл-оспақ күні дегіңіз келе ме, өз еркіңіз, Өскемен қыздары биылғы маусымда бірінші рет жеңіске жетті. Маусым басталғалы жеңілістен көз ашпай, 28 рет ұтылған «Шығыс-Свинецстрой» клубы 29-ыншы кездесуінде жеңіске жетіп, «Астана» аруларын бес сетте, яғни 3:2 есебімен ұтты.

Сонымен ел чемпионатының аяқталуына бір күн қалғанда, жүлдегерлер толық анықталды. «Жетісу» алтынмен апталса, «Ертіс-Қазхром» күміспен күптелді. Қола жүлде «Алматы» аруларына бұйырды.

1. Жетісу – 72 ұпай
2. Ертіс-Қазхром – 67
3. Алматы – 51
4. Қарағанды – 47
5. Астана – 17
6. Шығыс-СвинецСтрой – 7

2013/2014 жылдар маусымында ел чемпионы атанған «Жетісу» клубының құрамы:

№ 1. Алена Омельченко (19.06.1989),
№ 2. Татьяна Пюрова (05.04.1982) – капитан,
№ 4. Наталья Матейчик (Беларусь, 22.01.1985),
№ 5. Ольга Наседкина (28.12.1982),
№ 7. Ольга Соболева (07.06.1985),
№ 8. Ишимцева Коринна (08.02.1984) – үйлестіруші,
№ 9. Ирина Шенбергер (20.02.1992),
№ 10. Марина Стороженко (06.06.1985) – либеро,
№ 11. Екатерина Татко (15.12.1992),
№ 13. Александра Исаева (14.07.1982) – үйлестіруші,
№ 14. Виктория Емельянчик (Беларусь, 30.01.1989),
№ 16. Людмила Анарбаева (12.11.1983).

Бас бапкері – Асқар Шалқыбеков,
жаттықтырушылары – Денис Исаев, Валерий Шиндов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети