26 қазан 2018 09:31

Қадыров МакГрегор мен Нурмагомедовтің достарына жекпе-жек кешін ұйымдастырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамзан Кадыров Рамзан Кадыров

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Instagram желісінде ресейлік Зубайра Тухугов пен Артем Лобовтың кездесуін ұйымдастырып беруге уәде берді. Бұл кзедесу UFC шешімі бойынша өтпей қалған еді. 


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Instagram желісінде ресейлік Зубайра Тухугов пен Артем Лобовтың кездесуін ұйымдастырып беруге уәде берді. Бұл кзедесу UFC шешімі бойынша өтпей қалған еді. 

"Батыл мәлімдемелерді қолдаймыз... Бұл біздің рухымыз бен мінезімізге сай. Бұрыс шешім шығып, Зубайра тухугов пен Артем Лобовтың кездесуі UFC аясында өтпей қалса, - әлемдік деңгейдегі жекпе-жек алаңдарының кез келгеніне шақырамыз. Кездесуді ең жоғары деңгейде өткізіп, Артемге лайықты гонорар береміз", - деп мәлімдеді Қадыров. 

Мұндай жекпе-жек алаңына ол мысал ретінде Грозныйдағы "Ахмат" клубын келтірді. Айтуынша, Лобовтың Тухуговпен төбелесуге ниеті болса - бұл бүгінде көбейіп кеткен жұрт алдындағы құр айғай емес, нағыз батылдық.  

Артем Лобов 24 қазанда Тухуговпен кездесу ұйымдастырмаса UFC-мен келісімшартын үзетінін мәлімдеген. Спортшылар 27 қазанда кездесуі керек еді. Алайда шешен файтері UFC 229 аясында Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегордың кездесуінен кейінді жанжалға араласқаны үшін шеттетілген. Оның орнына октагонға Майкл Джонсон шығатын болды. 

Ал өз кезегінде Артем Лобов отандасы Зубайра Тухуговпен Грозныйде кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Ол Қадыровқа аралас жекпе-жек өнеріне аударған назары мен спортшыларға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты, алайда қорытынды шешім 26 қазанда шығатынын айтқан. 

Лобов МакГрегор сияқты SBG Ireland командасының сапында. Ол карьерасында ММА ережесі бойынша 16 рет жеңіске жетіп, 15 рет жеңілген. Тухугов 18 рет жеңіп, 4 рет жеңіліс тапқан.

UFC
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети