1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қайтыс болды 01 қаңтар 2021, 14:39

Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото facebook.com/karin.erlan Фото facebook.com/karin.erlan

Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал спортшы әрі жаттықтырушының қазасы туралы Ерлан Карин айтты.

"Жасталап Санауов қазақстандық каратэ қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болды. Ол көптеген жыл бойы Қазақстан каратэ-до федерациясын басқарды, каратэ бойынша әлемге әйгілі Jk Fan журналының республикалық нұсқасын шығарды. Оның арқасында Қазақстанда беделді халықаралық турнирлер өткізілді. Ол халықаралық каратэ қоғамдастығында құрметке ие болды. Дүниежүзілік каратэ-до федерациясының атқарушы комитетіне сайланған ТМД елдерінен шыққан алғашқы және жалғыз өкіл", - деп жазды Карин Facebook желісіндегі парақшасында.

Жасталап Санауов 1966 жылы 26 мамырда Алматыда дүниеге келген. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген. ҚазПТИ-де оқыған.

Ол бала кезінен спортты жақсы көретін. Каратэ-додан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, үш дүркін КСРО чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Еуропа және әлем чемпионы.

1986 жылдан бастап жаттықтырушылықпен айналысты, көптеген халықаралық спорт шеберін және әлем чемпиондарын дайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!