1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Қарсыласын нокаутқа түсірген UFC файтері сүйіктісіне ұсыныс жасады29 мамыр 2017, 09:55

©Getty Images ©Getty Images

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын UFC файтері Александр Густафссон UFC Fight Night 109 турниріндегі жекпе-жегінен кейін сүйіктісіне ұсыныс жасады. Рингте жасалған ұсынысқа қыз келісім берді. 

Стокгольмдегі UFC Fight Night 109 шоуының басты жекпе-жегінде Густафссон Гловер Тейшейраны жеңді. Швед кездесудің басынан-ақ басымдыққа ие болып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. Ал бесінші раундта ол бразилиялықты нокаутқа түсірді. 

UFC файтері Густафссон осымен екінші рет жеңіп, титулға талас жекпе-жегіне үмітті. Қазіргі уақытта UFC бойынша осы салмақта чемпион - Дэниел Кормье. Ол 29 шілдеде Джон Джонспен жұдырықтасуы тиіс. Айта кетсек, осы аталған файтерлер Густафссонды ұпай айырмасымен жеңген еді.