12 тамыз 2019 09:49

"Қайрат" экс-футболшысын түнгі клубта атып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дуглас Нуньес да Силва © "Қайрат" футбол клубы Дуглас Нуньес да Силва © "Қайрат" футбол клубы

"Қайрат" футзал клубының бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньес да Силваға белгісіз біреулер түнгі клубтан шығып бара жатқан кезінде оқ атқан. Бұл мәліметті Бразилияның "Коринтианс" командасының өкілдері растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, 27 жастағы Нуньес командасындағы достарымен түнгі клубқа барған. Бірақ футболшылар түнгі клубтағы басқа адамдармен сөзге келіп, нәтижесінде шығаберісте атыс болған. Өкінішке қарай, футболшының өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер қылмыскерді іздестіру жұмыстарын бастады.

"Коринтианс" клубының бас бапкері Андре Бие осы жағдайдан кейін полицияға барған.

"Нақты не болғанын айта алмаймын, себебі ол кезде мен ұйықтап жаттым. Қазір оқиғаның мән-жайын білу үшін полиция учаскесіне келдім. Оның сол демалыс күні командадағы ойыншылармен бірге болғанын білемін", - деді Бие.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети