24 қыркүйек 2014 10:44

Қазақ дзюдосының қас сұлуы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Мәриямның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды Фото Мәриямның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды

"Алаш айнасының" Оңтүстік Кореядағы арнаулы тілшісі дзюдодан ХVІІ жазғы Азия ойындарының 63 келі салмақ дәрежесіндегі қола жүлдегері, көркіне сымбаты сай әдемі қызымыз Мәриям Ордабаевамен әңгімелесті.


"Алаш айнасының" Оңтүстік Кореядағы арнаулы тілшісі дзюдодан ХVІІ жазғы Азия ойындарының 63 келі салмақ дәрежесіндегі қола жүлдегері, көркіне сымбаты сай әдемі қызымыз Мәриям Ордабаевамен әңгімелесті.

Кешіріңіз, ең әуелі шын атыңызды біліп алсақ. Дұрысы – Мәриям ба, әлде Мариян ба?

– Мәриям. Бірақ әу баста төлқұжатыма қате жазылыпты. Оны өзім де кейіннен білдім. Мариян болып жазылып кетіпті. Сондықтан ресми құжаттарға Мариян болып жазылып жүр. Жаппай шатысудың төркіні осыдан. Негізі, азан шақырып қойған атым – Мәриям.

– Әкеңіздің қазақ екенін білеміз. Біреулер анаңыз қырғыз дейді. Бірақ түріңіз оған ұқсамайды...

– Әкем – қазақ, анам – орыс. Бірақ әкем Ыстықкөлге барып, сол жерді ұнатып қалып, анамды сол жаққа жетелеп апарыпты. Ал мен сол Ыстықкөл бойында туып қалыппын. Содан шығар, анамды қырғыз деушілердің бар екендігі. (күліп).

– Мүмкін әдемі болуыңыз да табиғат аясында дүниеге келгендіктен шығар. Жалпы, сұлулық табиғатыңыздан ба, әлде татамидегі төккен терлеріңіздің жемісі ме?

– Бірінші кезекте өмірге осындай қылып әкелген ата-анама рахмет. Бірақ татамидің де, яғни спорттың да пайдасы көп болды. Тартыла түстім. Негізі, табиғаттың берген сыйы ғой. Екеуінің бірігуі деп санаймын. Әкем спортты жақсы көреді. Жас кезімде мені бірталай спорттың түріне апарды. Каратэ, гимнастика, жүзу спорттарымен де айналыстым. Ұнағаны дзюдо болды.

– Қазір сізді қазақ татамиінің қас сұлуы деушілер көп, бұл сізге ешқандай да кедергі келтірмей ме?

– Жоқ.

– Ғашық болушылар, сүйсінушілер көп шығар? Олар жалықтырмай ма?

– Мезі қылады дей алмаймын. Бірақ кейде.. әлеуметтік желіде достық жіберетіндер тым көп. Әйтсе де, жаман емес, бұл да ұнамды құбылыс қой.

– Бәлкім, топ-модель болғыңыз келетін шығар?

– Олимпиада ойындарына дейін тек қана – татами! Одан кейін сән саласын да ойлауға болады.

– Фотосессияны ұнатасыз ба?

– Иә, маған ұнайды.

– Хоббиіңіз не?

– Жаңа белестерді бағындыру ұнайды. Тауды жақсы көремін. Киноға барғанды ұнатамын. Гимнастиканы ұнатамын, айналысқанмын. Бұрын аздап сурет салғанмын. Биді жақсы көремін. Табиғат аясын жақсы көремін. Балық аулауға да шығатыным бар. Жалпы, өмірдің қызығының бәрін жақсы көремін.

– Жігітіңіз бар ма?

– Бар. Ол мені түсінеді. "Әуелі дзюдода өз мақсатыңа жетіп ал", деп қолдап отырады.

– Енді дзюдоға келсек, Азия ойындарындағы нәтижеңізге ризасыз ба?

– Иә, Азия ойындарындағы өнеріме ризамын. Әрине, бұдан да бағалы жүлдені армандадым. Бірақ қола да жаман емес.

– Бұл қола сізді алдағы жеңістерге ынталандырып, асқақ армандарыңызға жетелейтін шығар?

– Әрине. Бұл қола үлкен жеңістерімнің алды деп білемін. Кішігірім репетиция десем де болады. Негізі, қандай жүлде болсын, оңайшылықпен келмейді ғой. Әрі бұл жүлде осалдау тұстарымды да айқындап берді.

– Татамиде есеңіз кетіп жүрген қарсыластарыңыз бар ма?

– Әзірше бар, әзірше ғана...

– Ауырту тәсілдерін қолданғанды жақсы көретін сияқтысыз?

– Иә, мен ауырту тәсілдерін жақсы көремін. Азия ойындарында ғана емес, бұған дейін де ұтылып жатып, соңғы секундтарда ауырту тәсілімен жеңіске жеткен белдесулерім болды.

– Жақсы, Мәриям. Қазақ халқының мақтанышы болып, алға қойған мақсаттарыңа жете бер.

– Рахмет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети