Қазақ күресінен Қазақстан Кубогының жеңімпаздары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ күресінен Қазақстан Кубогының жеңімпаздары белгілі болды

Қажымұқанның 150 жылдығына арналған қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қажымұқанның 150 жылдығына арналған қазақ күресінен Қазақстан Кубогінің жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27-30 мамыр аралығында Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атыңдағы "Тараз-Арена" спорт сарайында қазақ күресінен Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогі өтті.

Аталмыш жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыстан 342 спортшы қатысты.

Жарысты тамашалауға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев келді.
Жалпы жекелей есепте бірінші орынды Жамбыл облысы (5 алтын, 6 күміс, 5 қола), екінші орынды Атырау облысы (2 алтын, 1 қола), үшінші орынды "Qazaq kuresi" ассоцияциясы (2 алтын) иеленді.

Командалық есепте Атырау облысы жеңімпаз аталды. Екінші орынды Алматы қаласы, ал үшінші орынды Жамбыл және Қызылорда облыстары бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын спорттық іс-шарамен атап өту; Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау; "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұлттық бірегейлікті сақтап одан әрі бекіту үшін қазақ күресін дамытып насихаттау. Сондай-ақ ұлттық спортпен шұғылдану арқылы жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеу және бұқаралық спортты дамыта отырып, жастардың достық пен өзара татулық қатынастарын нығайтуды көздейді.

"Qazaq kuresi" республикалық Ассоциациациясының Президенті - Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +20
Ақтау +21
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +20
П
Павлодар +20
Петропавл +21
С
Семей +16
Т
Талдықорған +21
Тараз +23
Түркістан +16
О
Орал +17
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер