25 маусым 2014 15:17

"Қазақстан Барысы" сүті саудаға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Саудада "Қазақстан Барысы" атты табиғи сүт өнімі пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы "Қазақстан Барысы" турнирін қолға алушы әрі КТК телеарнасының жетекшісі Арман Шораев айтты.


Саудада "Қазақстан Барысы" атты табиғи сүт өнімі пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы "Қазақстан Барысы" турнирін қолға алушы әрі КТК телеарнасының жетекшісі Арман Шораев айтты.

"Қазақстан Барысы" сүті Ақмола облысының Садовое елді мекенінде шығарылады. "Бұл - репутациясы жақсы, бейтарап өнім. Қазақстанда өндірілетін сүттің жартысынан көбі ұнтақтан жасалады, яғни олар таза сүт емес, сүтті сусын. Ал бұл өнім - табиғи, нағыз сиырдың сүті. Оны ішсеңіздер біздің палуандарымыз сияқты боласыздар", - дейді Шораев. 

Турнирге идеялық дем беруші маусым айының соңында болатын біріншілік финалының әділ өтетінін айтты. Егер қатысушы допинг-бақылаудан өте алмаса немесе біріншілік ережесін бұзса, жарыстан аластатылады. "Бір спортшы іріктеудің барлық кезеңінен өте алмағандықтан, жарысқа қатыстырылмады. Спортшылар бәрінің әділ өтетініне, әлемдік деңгейде болатынына үйрене беруі тиіс. Біздің күрес, әрине, спорттың өзге де түрлері сияқты субъективті. Өздеріңіз көріп жүрсіздер, Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатында қызыл карточканы не үшін беріп жатқанын. Ал біз қалай істедік? Біз қазылар бригадасын 12-15 адамға дейін қысқарттық, олардың арасынан жеребе тастау арқылы алты қазыны іріктедік. Біз отанын ешқандай ақшаға сатпайтын лайықты адамдарды таңдадық деп ойлаймын. Біз қазылар алқасын қалыптастырудан да бас тарттық", - дейді Шораев.

"Қазақстан Барысы" турнирін ұйымдастырушы бұл бәсекеде әлсіз палуандардың болмайтынын да айтты. "Былтыр палуандардың 40%-ының жастар болғаны қуантты. 18-20 жас аралығындағы палуандар жақсы нәтиже көрсетті. Қызылорда облысынан келген жас жігіт біздің тұңғыш "барысымыз" Ұлан Рысқұлды жеңді. Бұл әлеуметтік лифт жүйесінің жұмыс істейтінін көрсетеді. Әрине, атақты палуандар да бар, бірақ турнир күтпеген беталыстарымен қызық. Біздің күресте бастысы салмақ емес, техника. Ақтық турнирдің қарқыны жақсы детектив форматында өтеді деп ойлаймын", - деді жоба жетекшісі.

"Қазақстан Барысы" турнирін қолға алушы Арман Шораевпен болған сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, "Қазақстан Барысы" турнирінің төртінші маусымының финалы 29 маусым күні Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтеді. Онда 28 палуан жекпе-жекке шығады. Біріншілік жеңімпазы 150 мың доллар, чемпиондық белбеу мен "Тайтұяқ" олжасын иеленеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети