25 ақпан 2019 08:39

Қазақстан чемпионатында кір көтеруде 13 жастағы оқушы жеңіске жетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтаулық 13 жастағы мектеп оқушысы Мәлік Ахметов кір спортынан Қазақстан чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Турнир 21-23 ақпан аралығында Ақтөбеде өтті, - деп хабарлайды "Лада" тілшісі. 


Ақтаулық 13 жастағы мектеп оқушысы Мәлік Ахметов кір спортынан Қазақстан чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Турнир 21-23 ақпан аралығында Ақтөбеде өтті, - деп хабарлайды "Лада" тілшісі. 

Жас спортшы ұзақ цикл бағдарламасы бойынша 123 қайталауды орындады (екі қолмен екі 16 келілік кір тасын кеудесіне көтеріп, ақырын түсіру). Сонымен қатар, ол турнирге алғаш рет қатысып отыр екен және 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсыластарының арасында ең кішісі болған.

Жарыс нәтижесі бойынша Мәлік маусымда Парижде өтетін әлем чемпионатына лицензия алды.

"Ол алға қойған мақсатқа жетті. Әрине, бұл ауыр жол, біз тынбай дайындалдық. "Маңғыстау Арена" спорт сарайының директоры Зейнулла Оңайбаевқа, қалалық білім беру бөліміне және № 1 мектеп директорына жаттығуға спорт залын бергені үшін алғыс айтамыз", - деді Маңғыстау облыстық кір спорты және армрестлинг федерациясы президентінің міндетін атқарушы Роман Исламғалиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети