04 ақпан 2022 15:55

Қазақстан құрамасының формасы Бейжің Олимпиадасында ең мәнерлі киімдер қатарына кірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:olympic.kz Фото:olympic.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжің Олимпиадасына арналған ұлттық құраманың ең мәнерлі киімдері тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық спортшылардың олимпиадалық формасы да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан сән сынағынан өтті. Форманың көк және ақ түстері мұз бен қарды бейнелейді, ал қара түс сәттіліктің белгісі", - деді Халықаралық Олимпиада комитетіндегілер.

Сондай-ақ, ХОК өз шолуында Forbes журналына сілтеме жасап, қазақстандық спортшылардың киімін "ең жақсы сәнді дипломатия" деп атады.

Бұған дейін америкалық басылым Қазақстанның олимпиадалық формасын өз рейтингіне қосқан болатын. Былтыр Forbes Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар формасы ерекше екенін мойындаған болатын.

Сурет: ХОК

Қазақстанмен қатар ХОК пен Forbes АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия олимпиадашыларының формасы ерекше екенін атап өткен.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 20 қаңтарда құраманың формасын таныстырды. Оны мына сілтемеден көре аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети