Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Қазақстан спортшылары Олимпиаданың бірінші күнінен сынға түседі

08 Ақпан 2014, 11:55
0
Қазақстан спортшылары Олимпиаданың бірінші күнінен сынға түседі деп жеткізеді Vesti.kz.

Сочиде медалдің бірінші топтамасына бәсеке басталды. Бастапқыда әйелдер жартылай финал мен финал үшін тартысқа түседі. Финалға қазақстандық спортшы Юлия Галышева жолдама алып үлгерген. Финалға дейін жартылай финалға іліккендердің сайысы өтеді, бұл ретте Қазақстаннан Дарья Рыбалова бақ сынайды. Аталған порталдың мәліметі бойынша, жартылай финал Астана уақытымен 21.55-те басталады, ал финалдық жарыс 23.55-те KazSport және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Сондай-ақ бүгін шаңғышыларымыздың алғашқы жарысы болады. Бұл спорт түрінен әйелдер сапында Татьяна Осипова, Анастасия Слонова және Елена Коломина бар. Олардың өнерін Астана уақытымен 15:50-де KazSport
телеарнасынан тамашалай аласыздар. Қазақстандық биатлоншылар да бүгін жарыс сызығын қияды. Трамплиннен секіру, коньки тебу жарыстарынан да Қазақстан құрамасы төбе көрсетеді. Спортшылар өнерін тікелей эфирден көрсету режимі мен басқа да ақпараттарды сайтынан таба аласыздар.

Еске сала кетелік, Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты жұмада күні 7 ақпанда өтті. Халықаралық деңгейдегі спорттық шараның 58 лицензиясы қазақстандық спортшыларға бұйырған.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай