23 шілде 2021 16:13

Қазақстан Токио Олимпиадасын трансляциялау құқығын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:reuters Фото:reuters

Қазақстан XXXII жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты Жапонияның "Dentsu Inc." компаниясымен келіссөзді нәтижелі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар" агенттігі" АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар. 

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада ойындарын трансляциялаудың құқық иесі Қазақстаннан өте үлкен сома сұрағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети