20 қаңтар 2014 15:04

Қазақстан ұлттық құрамасын Вардан Минасян жаттықтыруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вардан Минасян. Сурет ciarano.me сайтынан Вардан Минасян. Сурет ciarano.me сайтынан

Армения ұлттық құрамасы мен "Пюник" футбол клубының экс-бас бапкері Вардан Минасян жақын уақытта "Астана" мен Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz. Соңғы кездері армениялық маман елордамыздың командасымен қарқынды келісімсөздер жүргізуде. Ал "Астананың" өзі бірнеше уақыттан бері Біріккен Араб Әмірліктерінде Григорий Бабаянның қарамағында бас бапкерсіз жаттығып жүр. Егер екі тарап ортақ мәмілеге келер болса, онда Минасянның Қазақстан ұлттық құрамасын да өз қолына алуы ғажап емес. Өйткені, 9 қаңтарда бас бапкері Мирослав Беранекті қызметінен босатқаннан кейін ұлттық құрамамыз да бас бапкерсіз қалған болатын. Ал "Астана" футбол клубы соңғы жылдары ұлттық құрамамыздың базалық командасы болып жүр. Бір жағынан Вардан Минасянның Армения құрамасындағы жемісті еңбегі де әсер етіп, Қазақстан футбол федерациясы осы маманды таңдауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Минасян Армения ұлттық құрамасының тізгінін 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы аяқталған соң, яғни 2013 жылдың 21 қазанында босатқан. Өз кезегінде Армения өз тобында 5-орын алды. Жалпы, Минасян Армения ұлттық құрамасының тізгінін 2009 жылдан бастап баптаған екен. Өткен жылдың 17 қазанында Армения ФИФА рейтингінде 38-орыннан көрінді. Бұл сол елдің футбол тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети