Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанда "Diamond Fight" тұжырымындағы ережесіз жекпе-жек турнирі өтеді

25 Ақпан 2014, 14:15
0
© Нұргиса Елеубеков
© Нұргиса Елеубеков
© Нұргиса Елеубеков
© Нұргиса Елеубеков
22 наурыз күні Алматыдағы "Балуан Шолақ" атындағы спорт кешенінде ережесіз жекпе-жектен "Diamond Fight - Достық" атты турнир өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Турнир барысында ММА тұжырымы бойынша үш жекпе-жек, тай боксы бойынша екі және К1 тұжырымы бойынша екі кездесу өтеді деп жопарлануда. Жекпе-жектерде Қазақстандық спортшыларға қарсы Ресей, Беларуссия, Өзбекстан, Нидерланды, Таиланд, АҚШ, Марокко елдерінің спортшылары шықпақ. Бұл кештің басты жекпе-жегі ММА тұжырымының бірнеше дүркін чемпионы, джиу-джитсудан әлемнің сегіз дүркін чемпионы америкалық Джефф Монсон мен әскери самбодан екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, халықаралық ММА турнирлерінің жеңімпазы, қазақстандық Шахмарал Жетпісов арасындағы кездесу болмақ.

"Монсон тіс қаққан спортшы. Тәжірибесі де өте мол. Дегенмен, мен онымен кездесуден қорықпаймын. Алдағы жекпе-жекке "Алаш Прайд" командасының бапкерлерімен тыңғылықты дайындалып жатырмын", - дейді Шахмарал Жетпісов алдағы кездесу туралы пірінде.

Жалпы "Diamond Fight" турнирі елімізде бірінші рет өткелі отыр. 22 наурызда болатын жекпе-жектерде 11 спортшының өнерін тамашалайтын болады жанкүйер. Олардың қатарында "Алаш Прайд" командасының спортшысы Арман Оспанов та бар. Ол Bellator тұжырымындағы спортшылардің бірімен сегіз бұрышқа шығады деп күтілуде.

"Бізге бұл тұжырымның президенті Салахаддин Аюпов ұсыныс тастағанда, қуана қарсы алдық. "Diamond Fight" турнирі осы уақытқа дейін Ресей, Таиланд, АҚШ сынды елдерде өткен. Бұл бірінші кезекте Қазақстанда ережесіз жекпе-жектің дамығандығын бүкіл әлемге танытудың түрі. Оның үстіне алда болатын жекпе-жектерді ресейдің "Россия2", "Евроспорт" және "Бойцовский клуб" арналары тарады. Кеш барысында жанкүйерлер "Алаш Прайд" командасының спортшыларын да көретін болады. Әсіресе, біз сегіз бұрышқа алты рет шығып. алтауында да жеңіске жеткен Арман Оспановтың жекпе-жегін асыға күтеміз", - дейді бұл жарыс туралы "Алаш Прайд" командасының президенті Данияр Қасқарауов.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай