21 сәуір 2022 08:55

Қазақстандық балуан Азия чемпионаты финалында екі дүркін әлем чемпионын жеңді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Olympic.kz ©Olympic.kz

Моңғолияда өткен күрестен Азия чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Мейіржан Шермаханбет жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Моңғолияда өткен күрестен Азия чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Мейіржан Шермаханбет жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы оңтүстіккореялық Хан Сю Рюді 4:0 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, 20 сәуірде қазақстандықтар тағы екі финалдық кездесуге қатысады.
 
72 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Әмзеев Мохамад Реза Хойотолламен (Иран) кездеседі. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Диас Кален тағы бір ирандық Расул Саде Гармсиримен күш сынасады.

97 келіге дейінгі салмақта Санжар Серікхан Такихито Цурудомен (Жапония) қола жүлдені сарапқа салады.

Бұған дейін 60 келі салмақта өнер көрсеткен Ернұр Фидахметов қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ол Моңғолиядан келген қарсыласы Балжиннам Цэвэнравданды 12:6 есебімен жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети