Қазақстандық биатлоншыларға жүргізілген тінту шаралары дәрігердің салғырттығынан - министрліктің мәлімдемесі

10 Ақпан 2017, 12:24
0
Қазақстандық биатлоншыларға жүргізілген тінту шаралары дәрігердің салғырттығынан - министрліктің мәлімдемесі -

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық биатлоншыларға тінту жүргізілгені туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР МСМ спорт істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың мәліметінше, оқиға қазақстандық спортшылардың дәрігерінің салғырттығына байланысты болған. 

"Біз бұл мәселені өзіміздің дәрігердің жұмысына салғырт қарауына байланысты екенін нақты айта аламыз. Нақты бекітілген талаптар бар. Рұқсат етілмеген препараттардан басқа, рұқсат етілген препараттар да бар. Спортшылар өз қалпына келуі тиіс, олар да ауырады. Халықаралық антидопинг ұйымы рұқсат берген препараттар бар, оны дәрігер өзімен бірге алып жүреді. Осы жағдайда препараттарды қолданғаннан кейін қалдықтардың көзін жоюдағы ереже бұзылған. Олар медикаменттерді қайда болса сонда тастай салған болуы мүмкін", - деді ол үкімет отырысында. 

Елсияр Қанағатов қазіргі уақытта тексеру қорытындыларын күтіп отырғанын мәлімдеді. 

"Еуропада қазіргі уақытта терроризмге қарсы күрес белсенді түрде жүргізіліп жатыр, сол себепті олар біздің құраманы да тексерген. Біздің спортшылар жарысқа жіберілген, біз оны кеше көрдік (...) Біз қазір тексеру қорытындыларын күтіп отырмыз. Біздің спортттық медицина орталығының мәліметінше, дәрігерлер алып барған дәрі-дәрмектің барлығына рұқсат берілген", - деді спикер. 

Осыған дейін, Австрия полицейлерінің қазақстандық биатлоншылардан тыйым салынған заттарды тапқаны хабарланған болатын. Осыған байланысты спортшылар допинг тексерісінен өткен еді.

Допинг қолданды деген күдікке ілінген Қазақстан құрамасының биатлоншылары Австрияның Хохфильцен қаласында аралас эстафетадан өткен әлем чемпионатына қатысты. Аралас эстафетаға Қазақстаннан Ольга Полторанина, Анна Кистанова, Максим Браун мен Ян Савицкий қатысты. Олар 11-орынға тұрақтады. Ал алғашқы үздікте Германия, Франция және Ресей командалары тұр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай