Қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде екі алтын алды

07 Маусым, 17:19
0
Қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде екі алтын алды -

Сува (Фиджи) қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дарья Ахмерова Қазақстан командасы үшін екінші алтын медальді жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Халықаралық жарысқа алғаш рет қатысып отырған 20 жастағы спортшы қыз қоссайыс нәтижесінде 236 келіні (103+133) бағындырып, Әлем чемпионатының алтынына қол жеткізді. 

Сонымен қатар, Дарья серпе және жұлқа көтеруден "кіші" алтын медальді қанжығасына байлады.

Еске салайық, осыған дейін біріншіліктің алтын медалін Карина Құзғанбаева алған болатын. Екі алтыннан бөлек Қазақстан қоржынында бір күміс бар. Оны Артем Антропов жеңіп алған еді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай