Қазақстандық спортшы қыздар Азия біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінді

22 Шілде, 14:58
0
Қазақстандық спортшы қыздар Азия біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінді - © olympic.kz
© olympic.kz

21 шілде күні Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құрлықтық додаға 28 мемлекеттен келген 385 спортшы қатысуда. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.

Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. 52 келідегі Балнұр Спабек пен 68 келідегі Нұрриза Тұрарова жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Сондай-ақ, төрт спортшымыз алғашқы бестікке енді. Бүгін тағы 10 таеквондошы жарысты бастайды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай