07 қыркүйек 2014 17:59

Қазақстандық волейболшы қыздар Азия кубогында екінші жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото с сайта sk-sport.kz Фото с сайта sk-sport.kz

Vesti.kz хабарлауы бойынша, Қытайда өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы тағы бір жеңіске қол жеткізіп отыр.


Vesti.kz хабарлауы бойынша, Қытайда өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы тағы бір жеңіске қол жеткізіп отыр.

Екінші ойында қазақстандық волейболшы қыздар Тайланд командасымен кездесіп, үш кезеңде де 25:20, 25:22, 25:17 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы үшін бұл - турнирдегі екінші жеңіс.

Ал осыдан бір күн бұрынғы тартысты ойынның алғашқы екі кезеңінде аруларымыз 25:23 есебімен жапон қыздарынан басым түсіп, кездесудің үшінші кезеңінде 25:18 есебімен ұтты, яғни қарсыластарын 3:0 (25:23, 25;23, 25:18) есебімен ойсырата жеңді.

Қыздарымыздың келесі өнер көрсетулері 8 қыркүйекке, яғни ертеңге жоспарланған. Олардың бұл жолғы қарсыластары - қытайлық Тайбейдің командасы. Ойын Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.

Қазақстандық құрама командаларының Азия кубогындағы барлық ойын нәтижелерімен Vesti.kz арқылы хабардар бола аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети