05 қаңтар 2015 18:37

Қазақстанның жас ауыратлеттері Азия чемпионатында алтын медаль алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альберт Линдер. ©Vesti.kz Альберт Линдер. ©Vesti.kz

Қазақстандық ауыратлеттер Игорь Сон мен Альберт Линдер 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар, сонымен қатар 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы ауыр атлетикадан Доха (Катар) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстандық ауыратлеттер Игорь Сон мен Альберт Линдер 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар, сонымен қатар 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы ауыр атлетикадан Доха (Катар) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Игорь Сон 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыс қорытындысында ол 208 келі салмақты еңсерді (93+115). Ал Альберт Линдер 69 келіге дейінгі салмақ категориясында 20 жасқа дейінгі юниорлар арасында үздік болды, ол қоссайыста 311 келі ұпай жинады (140+171).

Мұнымен қатар, қазақстандық ауыратлеттер төрт бірдей күміс медальді еншіледі. 58 келі салмақ дәрежесінде 17 жасқа дейінгі қыздар арасында Айгерім Ауылбек 171 (76+95) келі көтерді. 20 жасқа дейінгі юниорлар арасында Кристина Крахлева 63 келіге дейінгі салмақ категориясында 192 ұпаймен (84+108) жүлдегер атанса, 77 келі салмақ дәрежесінде 320 келі (140+180) нәтиже көрсеткен Михаил Макеев пен 85 келі салмақта 317 келі жинаған (147+170) Семен Линдер күміс медальға ие болды.  

Қазақстан құрамасына қола медальді 56 салмақ дәрежесінде Тимур Хасаров алып берді. Тағы үш қазақстандық спортшы - Алтынай Дәмен (58 келі), Михаил Дроздов (62 келі) және Жасұлан Қалиев (77 келі) төртінші орыннан көрінді.   

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасында бүгінде 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль бар. 7 қаңтарда Азия чемпионатына тағы бір қазақстандық ауыратлет қатысады - Селімхан Әбубәкіров 105 келіден ауыр салмақ дәрежесінде сынға түседі. 

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар, сонымен қатар ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты 31 желтоқсанда басталды, біріншілік 7 қаңтарға дейін жалғасады. Жарысқа 23 елден 180 атлет қатысып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети