13 тамыз 2021 18:02

Қазақстанның Олимпиададағы қорытындысы қыркүйектің соңында шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) мен спорт федерациялары Токио Олимпиадасының нәтижелерін 10 қыркүйекке дейін талдайды. Бұл туралы ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) мен спорт федерациялары Токио Олимпиадасының нәтижелерін 10 қыркүйекке дейін талдайды. Бұл туралы ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдағы аптада Қазақстан ҰОК республика федерациялары, Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп Олимпиада ойындарында ұлттық құрама командалардың көрсеткен өнері мен дайындық нәтижелеріне талдау жасайды. 10 қыркүйекке дейін спорт федерациялары Олимпиада ойындарына қатысу туралы егжей-тегжейлі есеп беріп, сәтті немесе сәтсіз болуындағы себептерді талдайды. Қыркүйектің соңына қарай біз қорытындысын шығарамыз, содан кейін қателіктер бойынша жұмыс жасап, келесі Олимпиадаға дайындық басталады", - деді Крюков ОКҚ брифингінде.

Ол Токио Олимпиадасына Қазақстан атынан мықты спортшылар мен команда ұсынғанына сендірді.

"Алтын" да, "күміс" те жоқ: Қазақстан Токио Олимпиадасын 8 медальмен аяқтады

"Пандемия жағдайында түрлі қиындыққа қарамастан жаттығып, жүлдегер атанған барлық спортшыны мақтан тұтамыз. Олардың алдында мұндай жағдайға ешкім тап болған жоқ.
ХОК және Токио ұйымдастыру комитеті тарапынан үлкен қысқартулар болуына байланысты, бұл жолы әдеттегіден 100 адамға аз адам кеткен болатын. Тек операциялық қызметті жүзеге асыратын мамандар және спортшылар, жаттықтырушылар делегацияға кірді. Қазақстан делегациясында барлығы - 196 адам, оның ішінде 157 спортшы мен жаттықтырушы, 20 кешенді ғылыми топтардың мамандары, штаб - 9 адам, жапондық ұйымдастыру комитетінің талаптары бойынша антиковидті шаралар мен допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етумен айналысатын 4 адам", - деп түсіндірді Крюков.

Бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасында өнер көрсетуіне қатысты пікір білдіріп, Косово құрамасымен салыстыруға қатысты жауап берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети