27 ақпан 2023 10:36

"Кешіріңіздер". Балуан мен бапкер Сәпиевке қатысты жағдай бойынша видео түсірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Желіде Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде файтер Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцманның Серік Сәпиевпен болған төбелеске байланысты кешірім сұраған видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар, жасаған әрекетім үшін кешірім сұраймын. Ереже бұздым және менікі қате болды. Сосын ойында эмоциямды ұстай алмадым, Серік Сәпиев – халқымыздың мақтанышы, эмоциямен ойланбай жасаған әрекетімді кешіріңіз. Бұл енді қайталанбайды. Ассаламу алейкум баршаңызға!", - деді Мусиханов.

Гольцманның айтуынша, ол да ойланбай әрекет еткен, эмоцияға беріліп, артық сөз айтқан.

"Менікі дұрыс болмады, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық қылығымыз үшін кешірім сұраймын. Біз батырымызға, Олимпиада чемпионына, барлық спортшыларға құрметпен қараймыз және Серік ағаны спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметтеймін. Біздің іс-әрекеттеріміз чемпионымыздың беделіне нұқсан келтірмеуі керек, жағдайдың бұлай болғанын қаламадық. Бәріне өзіміз кінәліміз. Болған жайт үшін кешіріңіздер", - деді жаттықтырушы қазақстандықтарға.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети