06 сәуір 2015 09:57

Кирилл Павлов әлем біріншілігінің қола жүлдесін алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Almaty2014iwf.com @Almaty2014iwf.com

Қазақстандық зілтемірші Кирилл Павлов ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем біріншілігінің қола жүлдесін алды, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы. 


Қазақстандық зілтемірші Кирилл Павлов ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем біріншілігінің қола жүлдесін алды, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы. 

Ауыр атлетикадан елімізде өткен әлем чемпионатында Кирилл Павлов жалпы нәтиже бойынша төртінші орында болған. Бірақ, өткен аптаның соңында 77 келі салмақта сынға түсіп, Албания тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған Даниел Годеллидің допинг қолданғаны белгілі болды.

Шамамен жарты жыл бұрын Халықаралық ауыр атлетика федерациясы өзінің ресми сайтында үш бірдей болгариялық зілтемірші - Даниел Годелли, Бегая Ромела, Хусейн Пулакуға спортшыларға рұқсат етілмеген дәрумен пайдаланды деген айып таққан болатын. Содан кейін бұл зілтеміршілердің қанынан "Б" сынамасы алынған. Үш спортшының да "Б" сынамасы теріс нәтиже берді. Енді Даниел Годелли мен Бегая Ромела спорттан екі жылға, ал Хусейн Пулаку сегіз жылға шеттетілді. Мұндай ақпаратты қытайлық Xinhuanet.com порталы таратты.

Демек енді ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем біріншілігінің көрсеткіштерінде де біршама өзгерістер болады. Нақтырақ айтсақ, 77 келідегі алтын жұлде қытайлық Чжон Гошуньге, күміс корей жігіті Ким Кван Сонға, ал қола қазақстандық Кирилл Павловқа бұйырады. Ал, қалған екі болгариялық зілтемірші Алматыда жүлдеге ілікпеген.

Әлем біріншілігіндегі 77 келіге дейінгі зілтеміршілердің жаңа нәтижелері:

Даниел Годелли (Албания) - 369 (171+198)

1. Чжон Гошунь (Қытай) - 367 (171+196)

2. Ким Кван Сон (Солтүстік Корея) - 363 (163+200)

3. Кирилл Павлов (Қазақстан) - 352 (157+195).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети