Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Кирилл Павлов Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болуы мүмкін

12 Желтоқсан 2014, 14:20
0
Кирилл Павлов. ©РИА Новости
Кирилл Павлов. ©РИА Новости

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль алған Даниэль Годеллиге допинг қолданды деген күдік түскеніне байланысты қазақстандық зілтемірші Кирилл Павлов қола медаль алуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Алматы қаласында 8-19 қараша аралығында өткен еді. 

Алматыдағы әлем чемпинатында Годелли 77 келіге дейінгі категорияда сенсация жасап, топ жарған болатын. Ал осы салмақ дәрежесінде Кирилл Павлов екі жаттығу нәтижесінде төртінші орын алды. Егер Годелли дисквалификацияланса, онда медальдан есебінде өзгерістер болатынын жазады портал.

Мұндай жағдайда әлем чемпионынның титулы Қытай спортшысы Чжон Гуошунге, ал күміс медаль Корей халықтық демократиялық республикасының өкілі Ким Кван Сонға өтеді. Ал қола жүлде Павловқа бұйырады. Мұнымен қатар, қазақстандық жұлқа көтеруде кіші қолаға қол жеткізеді. Басылымның мәліметінше, қазақстандық зілтемірші Карина Горичеваның да серпе көтеруде кіші алтын медаль алуға мүмкіндігі туып тұр. Бірақ бұл үшін Албания спортшысы Ромела Бегаждың допинг сынағына байланысты. 

Допинг қолданды деген күдік келіп тұрған корей атлеті Ким Ун Чжу (75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған) дискваликациялануы мүмкін. Егер мұндай жағдай болса, онда алтыншы орын алған қазақстандық Анна Нұрмұхамбетова бесінші орынға көтеріледі. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Барлығы сегіз спортшы допингпен ұсталды. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде - үш алтын және екі күміс медаль жиналып, қазақстандық ауыратлеттер медальдар есебінде үшінші орыннан көрінді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай