29 қаңтар 2020 10:04

Коби Брайанттың өлімі: Сарапшы ұшқыштың қатесін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшы аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант тікұшақтың неге апатқа ұшырауына қатысты өз болжамын бөлісіп, ұшқыш Ара Зобаянның қандай қате жасағанын айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Сарапшы аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант тікұшақтың неге апатқа ұшырауына қатысты өз болжамын бөлісіп, ұшқыш Ара Зобаянның қандай қате жасағанын айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ұшқыштарды дайындайтын нұсқаушы Рэнди Уолдман (Randy Waldman) апатқа ұшыраған тікұшақтың радиолокациялық бақылау мәліметтеріне сүйене отырып, Ара Зобаян тұман кезіндегі абдырап қалған деген қорытындыға келген.

Сарапшы тіркелген тікұшақтың жылдамдығы оның басқаруға келмегенін көрсетеді деген қорытынды жасаған.

"Егер сіз қозғала алмай қалсаңыз, онда ағзаңыздың да қызметін тоқтатады. Осылайша, сіз не жоғары, не төмен көтерілгеніңізді білмей қаласыз", - дейді Рэнди Уолдман.

Сондай-ақ ол ұшқыш қауіпсіз жерге оралуға мүмкіндігі болғанын атап өтті.

"Кейбір сәтте ақша тауып жүрген адамға қысым жасалады. Яғни өз клиентін тиісті жерге мәжбүрлеп апарады", - дейді сарапшы.

Еске салайық, әлемге әйгілі америкалық баскетболшы 41 жастағы Коби Брайант Калифорния штатында тікұшақ құлап, қаза тапты. Бұл туралы 26 қаңтарда белгілі болды. Коби Брайант қаза тапқан тікұшақ апатынан оның 13 жастағы қызы Джианна Мария да қайтыс болған. Әкесі мен қызы жаттығуға бара жатқан екен. Қайғылы оқиға жексенбіде таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. Тікұшақта жалпы 9 адам болған. Барлығы қаза тапқан. Джианна Марияның қазасын Лос-Анджелес мэрі Эрик Гарсетти растады.

Коби Брайанттың қазасы: Құлаған тікұшақтың суреттері пайда болды

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған. 

НБА тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33643 ұпаймен үшінші орында болған, өткен сенбіде ғана оның нәтижесін Леброн Джеймс басып озған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети