03 қаңтар 2022 | 09:55

Қоңқабаев Уордты жеңгеннен кейін WBA рейтингінде бірнеше саты жоғарылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©olympic.kz ©olympic.kz

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold белбеуін жеңіп алғаннан кейін Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде төртінші сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың желтоқсан айында Қоңқабаев ұлыбританиялық боксшы Стивен Уордпен (13-2, 4 КО) кездесіп, жеңіске жетті. Бұл айқаста отандасымыз бірінші ауыр салмақта WBA Gold жеңіп алды. 

Осы жекпе-жектен кейін Қамшыбек WBA рейтингінде 9-орыннан 4-сатыға көтерілді. Ал аталған салмақтың үздік үштігінде (25-2, 23 КО), Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Баду Джек (25-3-3, 15 КО) жайғасқан. 

Еске салайық, Уордпен кездесу Қоңқабаев үшін Олимпиада ойындарынан кейінгі бірінші айқасы болатын. Токиодағы ойындарда ол қола жүлде иеленген еді. Кәсіпқой бокста қазақстандық боксшы төрт кездесу өткізіп, барлығында мерейі үстем болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.16   534.99   5.18 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети